«Рухы биіктер, сіздерге арналады!»
2018 жылдың 10 қазан күні «Денсаулық» саябағында «Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғарғы медициналық колледжінің» кәсіподақ ұйымының бастауымен «Рухы биіктер, сіздерге арналады!» спорттық мерекелік шарасы өткізілді.

Шараның мақсаты:
- Салауатты белсенді өмір салтын насихаттау;
- Мүгедектігі бар балалар мен олардың дені сау құрдастарымен қарым-қатынас қалыптастыру;
- Мүгедектігі бар балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру; қозғалу дағдыларын қалыптастыру;
- Оң эмоционалды атмосфераны құру;
Ұжымдастық, достастық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Салтанатты концерттік бағдарлама және спорттық жарыстар мүмкіндігі шектеулі студенттер, колледж жанындағы «Зрячие руки» массаж орталығының қызметкерлері, қалалық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткізілді.

Спорттық мерекелік шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Шара өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде аталып өтілді.

