«Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбында ата-аналармен ашық тәрбие сағаты
«Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі В.И.Тлеулесова, колледж психологі М. Аренова, ата-аналар комитетінің мүшесі Г.Садыкованың және 203 «Мейіргер ісі» ұйымдастыруымен ата-аналармен ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Мұсақызы, ата-аналар комитетінің төрағасы Нұрлан Ізденұлы қатысты.

Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды: колледждің ішкі тәртібінің сақталуы, студенттерді бірігіп тәрбиелеу, жақсы маман болып шығуына жол сілтеу, колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене ат салысуына жағдай жасау, студенттердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, студенттерді дәстүрлі емес діни ағымдардан қорғап қалу жолдары, болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасына байланысты не жұмыстар жасау қажет екенін нақтылау төңірігінде пікірлер айтылды.
