Студенттер қатарына қабылдау

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы  Ақтөбе Жоғары медициналық  колледжінде 1 курс   студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау» дәстүрлі шарасы  салтанатты түрде  өтті.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

  Биылғы шараның ерекшелігі  «Мейіргер ісі» мамандығы, біліктілігі «Қолданбалы бакалавр»  және  «Ортопедиялық  стоматология» мамандығына  нашар   еститін  және  естуі   бойынша  мүгедек   жандарды   студенттер   қатарына   қабылдау  болып  отыр.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Бірінші   курс    студенттерін   құттықтауға   практикалық   денсаулық   сақтау  өкілдері, ата-аналар, ардагерлер  және   басқа да  қонақтар келді.Шараны  колледж   директоры М.Х.Кузбаков   құттықтау  сөзімен ашып, студенттерге   оқуда  жетістік  пен   ұмытылмас  студенттік   өмірде  табыс   тіледі.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

  Жоғары курс   студенттері  колледждегі  студенттік   қадамдарын   алғаш  басқан  1 курс  студенттеріне  «Студенттік  билет», «Үлгерім  кітапшасы»  мен «Білім кітабын»   табыс  ете  отырып, сәттілік  тіледі.Шара  соңында студенттер  медициналық  колледж  антын  қабылдап, колледж  Гимнін орындады.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой