«Бос орын жәрмеңкесі»
2017-2018 оқу жылындағы бітіруші түлектерді тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында фельдшер, мейіргер ісі, медициналық лаборант және фармацевт мамандықтарына арналған облыстың және аудандардың медициналық мекемелерінің бас дәрігерлері мен орынбасарларының қатысуымен «Бос орын жәрмеңкесі» өткізілді.
Шара барысында бітіруші түлектер көкейдегі сұрақтарына жауаптар алды, әңгіме жүргізу нәтижесінде медициналық мекемелерге жұмысқа қабылдауға ұсыныстар алды.


