Инновациялық технологияларды қолдану жолымен фельдшерлерді дайындауды шыңдау
Болашақ фельдшерлер даярлау сапасын жақсарту мақсатында колледжде «Емдеу ісі» мамандығына «Жедел жәрдем» машинасы жағдайында студенттерге шұғыл көмек көрсету дағдыларын оқыту әдістемесі енгізілуде.Колледждегі оқу аудиториялары, клиникаға дейінгі практика кабинеттері мен симулияциялық кабинеттерден басқа Емдеу бөлімінің студенттері үшін практикалық сабақтар арнайы жабдықталған жедел – жәрдем машинасында өтетін болады. Оқытушылар студенттердің білімін брифинг залында қашықтықтан бағалай алады.
Осы әдістеменің тұсаукесеріне қала және облыстағы медициналық ұйымдардың басшылары шақырылды. Студенттер бригадалар болып бірлесіп жұмыс жасай отырып, өздеріне берілген ең жиі кездесетін шұғыл клиникалық жағдайдарда практикалық және коммуникативтік дағдыларды жедел – жәрдем жағдайында пысықтады.


