«Әріптестер алға, қанаттарың талма»
17 мамыр күні әлеуметтік педагог және психологтың ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Әріптестер алға, қанаттарың талма» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыс жас маманның өз жұмысына деген қызығушылығын арттыру және қоғам талабына сай маман болуға жетелеу мақсатында жүргізілді.
8 жас маман қатысып белсенділікпен ой ұщқырлықтарын танытты. Сайыс соңында әділқазы алқаларының қорытындысы бойынша жас мамандар «Ұйымшыл топ», «Тапқыр топ», «Шығармашыл топ» номинацияларымен марапатталып, «Белсенді жас маман» номинациясын Анатомия пәнінің оқытушысы Абдраева Динара иеленді.


