«Бейбітшілік- ел тілегі»
Ұлы Жеңіс күніне, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің мерей тойына және Халықаралық медбикелер күніне арналған «Бейбітшілік- ел тілегі» атты мерекелік шара өткізілді.
Шараға денсаулық сақтау саласының өкілдері мен колледж ардагерлері қатысты.
Шараның мақсаты : өскелең ұрпақ бойына ұлттық рухты дәріптей отырып патриоттық сезімді қалыптастыру.
Шара барасында Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің мерей тойына патриоттық әндер шырқалып , Шығыстың қос шынары аталған батыр қыз Мәншүктің ерлігі туралы көріністер көрсетілді. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!
Медбикелер ерлігі Ұлы Отан соғыс жылдарында ғана емес, бейбітшілік кезде де күнделікті орын алады.
Халықаралық медбикелер күніне орай колледж қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен, колледжішілік Құрмет грамотасымен марапатталды.



