«Мамандықты таңда!»
2018ж. 4 мамырда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінде талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты мектеп оқушыларына оқу профилін таңдау және болашақ кәсіби қызмет шеңберінде кәсіптік бағдар беру болып табылады. Оқушыларды есік алдынан кәсіптік бағдар беру жұмысының тобы мен студенттер салтанатты түрде күтіп алды, шараның буклеттері мен бағдарламалары таратылды.
Шараның басында оқушыларды колледж тарихымен таныстырды, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу, колледжге қабылдау туралы хабардар етті. Колледж кітапханасының меңгерушісі кітапхана ішімен, кітаптарды қолдану тәртібімен таныстырып өтті. Сонымен қатар Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы колледж мұражайымен таныстырды. Колледждің арнайы пән оқытушылары тәжірибеге дейінгі кабинеттерімен таныстырып, шебер-кластар көрсетті. Шара соңында психология пәнінің оқытушылары оқушыларға сауалнама жүргізіп, тренингтер өткізді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының тобы берілген қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап берді.

