«Латын әліпбиіне көшу заман талабы»

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінің мәжіліс залында 25.04.2018 жылы, сағат 11.00-де «Латын әліпбиіне көшу заман талабы» тақырыбы негізінде облыстық дөңгелек үстел ұйымдастырылды!Алғашқы болып сөз алған колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Мұсақызы Тәжібаева тақырыптың маңыздылығына тоқталып, онда айтылған мәселелердің елге, халыққа берері көп екенін айтты.  Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің нұсқаларын талқылап, талдауға айрықша мән беретінін жеткізді.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облыстық білім басқармасының бас маманы Рауана Айгалиевна Шукерова, «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы Ислам Советұлы Алпысбаев, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Данагүл Бегімқызы Нұрмұқанбетова, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының қалалық ұйымының маманы Майра Сайманқызы Демешова, «Сағи Жиенбаев атындағы кітапхананың» жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Лаззат Сагындыковна Бултекова, колледждің хирургия пәнінің оқытушысы, колледж ардагері Есен Утешович Утешов және колледж студентті Айбану Оңғар сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды. Колледж студентті    Мархабат Серікқали «Қазақ елі» әнін айтып дөңгелек үстелдің сәнін келтіріп, жиналғандардың рухын көтерді.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясында латын әліпбиіне көшу 2025 жылдан басталатыны туралы жарияланды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесіне қайта оралу керектігін айтып, қазақ тілі мамандарына мәселені зерттеп, нақты ұсыныстар айтуды тапсырған еді.          Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығы шықты. Сең қозғалды. Бірақ, бұл әліпби дұрыс болмай қайтадан өзгерістерге ұшырап, 2018 жылы 19 ақпанындағы редакцияланған № 637 Жарлығы жарық көрді.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой