Халықаралық чемпионат
Ресейде Кисловодск медициналық колледжінде 18-21 сәуірде көру мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында массаждан халықаралық қатысыммен чемпионат өткізілді. Чемпионатқа біздің студентіміз Муканбеткалиев Медет қатысты.

Чемпионаттың бағдарламасы:
Чемпионаттың бірінші күні. Міндетті бағдарлама жекелеген анатомиялық бөліктерге классикалық массаж жасау әдісі.

Чемпионаттың екінші күні. Еркін бағдарлама Тәжірибеде және СПА- бағдарламаларда емдік, спорттық массажды қолдану әдісі.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша біздің студентіміз Муканбеткалиев Медет «Әдістемелік тұрғыда үйлесімді орындау» номинациясымен марапатталып, Ресейдің массаж бойынша өтетін Х чемпионатқа (Сочи қаласы) жолдама алды.
