«Эра независимости»
2018ж. 23 ақпанда кітапхананың мультимедиа залында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын таныстыру-талқылау шарасы өткізілді. Шара басында кітапхана меңгерушісі Б.А.Муратова жаңа кітаптың шығу тарихымен, мазмұнымен таныстырды. Қатысушылар арасында колледж ұстаздарының кітап туралы пікірлері талқыланды.
Аға буын өкілдері бұл кітап арқылы өткен өмірлерін көз алдына елестетсе, жастар үшін аталған кітаптың тәрбиелік мәні зор екені айтылды. Кітап талқылау шарасы тартымды да әсерлі болып өтті.

