Мамандығым-мақтанышым!
318 «Фармация» тобының жетекшісі Р.Нуржанованың ұйымдастыруымен «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты: мамандықтың құндылығы туралы түсінікті кеңейту,өмірде өз орнын таба білуге үйрету.Ашық тәрбие сағатына «Аманат» ЖШС директоры Г.Нұржігітова мен М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің биология ғылымының кандидаты, аға оқытушы
А.Бердгалиева қатысып, бітіруші түлектерге қазіргі таңдағы және болашақтағы фармация саласының маңыздылығын түсіндіріп, ерекшеліктерімен таныстырды. Қонақтар кездесу барысында қазіргі дәрежеге жету жолындағы өткен іс-тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерді болашақта адал қызмет етуге,еңбекқорлыққа шақырды.

