Тақырыбы: «Бейбіт тірліктің тұғыры болған Ұлы Жеңіс!
Тақырыбы: «Бейбіт тірліктің тұғыры болған Ұлы Жеңіс!

4 мамыр күні Ақтөбе медициналық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Ұлы Жеңістің 71-жылдығына арналған «Бейбіт тірліктің тұғыры болған Ұлы Жеңіс!» атты шара өткізілді. Бұл шара Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Шарнияздановтың бекітуімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Болашаққа 25 қадам» іс-шаралардың кестесі бойынша тарих пәнінің оқытушылары Л.Е.Абдуллина мен Г.Т. Дарменованың ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл шараға қала колледждерінің жастар ісі комитетінің мүшелері және жастар ресурсының бас маманы Жомарт Асет қатысты.
Жас ұрпақты адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Студенттерді Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырларының ерлік істерімен таныстырып, ой — өрісін дамыту.
Бұл шара негізгі үш бөлімнен тұрады:
І- Бөлім. Бейбіт тірліктің тұғыры болған Ұлы Жеңіс!
ІІ- Бөлім. «Бейбіт тірліктің тұғыры болған, Менің Қазақстаным!» Тәуелсіздікке 25 -жыл
ІІІ- Бөлім.«Мәншүкке мәңгі тағзым»
«Мәншүкке мәңгі тағзым» гүл шоқтарын қою. Мұражайға саяхат жүргізу.