ҰРПАҚҚА ҮЛГІ – АҢЫЗ ҒҰМЫР

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ – АҢЫЗ ҒҰМЫР

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Мәншүк Мәметова 1922 жылы 2 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Жасқұс ауылында, қазіргі Бөкей орда ауданында, Жеңсіғалінің отбасында дүниеге келген. Досан атасы әуелде азан шақырып есімін Мәнсия қойған. Бірақ ата-анасы Мәнсияның тәтті қылықтарына қарап, мөлдіреген үлкен қара  көздеріне қарап «Моншақ қой, нағыз Моншақ» дейтін. Бала кезінен пысық, өткір болғандықтан оны ерекше жақсы көретін. Тілін қызық көріп «Атынды айтшы, Моншақ деші» дегенде, сәби «Моншақ» дегеннің орнына «Мәншүк» деп айтқан екен. Содан болса керек тарихта өз атын-өзі қойған Мәншүк атанып кетті.

Алты жасынан бастап ағасы Ахмет пен жұбайы Әминаның тәрбиесінде өскен. Ахмет Мәметов – дәрігер, сонымен қатар, газет шығарып, өлең жазған көзі ашық, қоғам қайраткері болған. Кезінде Семей, Орал қаласында губздравтың орынбасары ретінде жұмыс жасаған. 1937 жылы Ахмет  Алматыға қызмет бабымен  қайта ауысады. Сол кездері Мәметовтар әулеті қуғын-сүргінге ұшырайды. Ғылыми–зерттеу институтының директоры қызметіндегі Ахметті қамауға алынып, ату жазасына кесіледі. Мәншүк намыс отының буымен Алматы дәрігерлер институтының жұмысшы факультетіне түсіп, жатақханаға орналасады. Мәншүк үш жылдық оқуды екі жылда аяқтап, 1937 жылы Алматыдағы медициналық оқуға түседі. Сол кезде халық жауының баласы ретінде оқуды тастап, күндіз денсаулық наркомында,түнде халық комиссариатының жауапты хатшысы ретінде жұмыс істеп, спортпен де айналысқан. Мәншүк осы кездері басталған екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуға майданға сұранғандардың алғашқысы болды. Осы мақсатпен Мәншүк бір жылдың ішінде аудандық комсомол мен әскери комиссариатқа бірнеше рет барады. Алғашқыда «әскери дайындығы жоқ» деген негізсіз себеп те айтылады. Дәрігерлік институтта оқып жүргеніне қарамастан, медбикелер дайындайтын курсқа барады. Әскери дайындық батальонына да жазылады. Тапаншадан оқ атуды да үйренеді. Совинформбюроның хабарларын дайындау тәжірибесінен өтіп, үгітші қызметіне ден қояды. Майданға сұранып, Мәскеугеде хат жазады. Негізінен майданға Мәншүктің баруының өзіндік екі себебі бар: біріншісі, елін сүйген, жұрт сыйлаған әкесінің «халық жауы» дегеніне сенбеді, қалай болғанда да әкесінің атын ақтау үшін соғысып, перзенттік парызын өтеу болса, екіншісі, елді зарлатқан жаудың көзін жою болды.

Мәншүк соғысқа өз еркімен бару жөніндегі құжатты бір жыл күтеді. Аяқ астынан әскери комиссариат шақырып, асығыс жолға жиналады. Мәншүк ешкіммен қоштасып та үлгермейді. Мәншүк Мәметова Қазақстанда құрылған 100-ші атқыштар бригадасының құрамында 1942 жылы 13-ші тамызда қолына қару алып, Отан қорғаушылар сапына қабылданады. Оның құрамында 4890 жауынгер, оның ішінде 2 қазақ қызы-дәрігер Мәриям Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болды.

Әскери қиындыққа Мәншүк ерлермен қатар төзе білген: жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтіп, пулемет атып үйренеді. 21-ші атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болған. Ол ержүректіліктің үлгісі болды, оны дивизия жауынгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Невель үшін соңғы күресте пулеметші Мәншүк Мәметова пулеметімен алға шығып, қарсы шабуылға шыққан немістерді қыра бастады. Сол кезде ұшқан миналардың бірі Мәншүктің пулеметін істен шығарып, қайсар қызды ауыр жарақаттады. Аз ғана уақытқа есінен танып қалған Мәншүк дереу есін жинап, мина жарықшағы тиген басын таңып алып, қайтадан пулеметіне қарай ұмтылды. Мәншүк жау әскеріне қарай пулеметінен оқ жаудырып, жаудың жолдың тойтарып, жауынгерлерді алға ұмтылуға жігерлендірді. Төбенің басындағы басын таңып алған Мәншүкті көрген майдандас жолдастары: «Мәншүк, бізбен бірге жүр, медсанбатқа апарайық, қаңсырап тұрсын ғой» – дегенде: «Артта қанша адамдар бар? Сіздер бара беріңіздер, мен олардың жолын бөгеймін»-деп жауап берген. Өзіміздің жауынгерлердің соңғы тобы өткен соң, Мәншүк соңғы күшін жинап, пулеметті биіктеу жерге апарып қояды. Осыдан кейін гашетканы тістеніп алып, жауға қарай оқ ата бастады.Сол кезде қалың қамыс арасынан бір топ жау әскері шығып, алға ұмтылды.Мәншүк пулеметінен оқты жаудыра бастады. Бірақ бұрынғыдай дәл тигізбей, бет алды атып жатты. Сөйтіп, Мәншүк жотадағы жаудың бетін кейін қайтарды. Нәзік саусақтарын пулеметтің шүріппесінен жіберместен, найзағайдай қыршын ғұмыр үзіліп кетті. Бұл 1943 жылдың 15 қазаны болатын. 100 атқыштар дивизиясының пулеметші қызы аға сержант Мәншүк Мәметова Невель қаласы үшін болған шайқаста ақтық демі біткенге дейін пулеметімен оқ боратты.  Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында неміс басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындап, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Мәншүк Мәметова Невель қаласының орталық саябағында жерленген.

Мәншүк Мәметова – бүкіл Отанымыздың тәуелсіздігі жолындағы қаһармандық ерліктерін жасаған қазақ еліміздің мақтанышы.

Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің базасында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова мұражайын құру туралы пікірталастар «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігі мен орта кәсіптік мектеп басшылығы арасында бұрыннан бері жүргізіліп келеді. Бұл идея Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында өмірге келді.

2010 жылдың 6-мамырында Музейдің ашылу салтанатына Мәншүктің кіші сіңлісі, 73 жастағы Шолпан Мәметова және Орал қаласындағы М.Мәметова мемориалды мұражайының директоры Светлана Бектенова келді. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шинтасова, колледж директоры Вадим Югай, «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес, медициналық колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Шолпан Мәметова жиналған қауымға Мәншүк туралы әңгімелерімен бөлісті, оны кейіпкердің анасы Амина Сүлейменова айтты:

«Бір кезде Мәншүк отбасымен бірге мұз басқан өзеннің үстімен шанамен өтіп бара жатқан. Шана аударылып, бәрі мұзға құлады. Ол кезде Мәншүк шамамен бес жаста еді, бірақ ол жыламады, үн шығармады. Болашақта ол қаншалықты қиын болса да, өзінің ауырсынуын ешкімге көрсетпеді» – деп еске алады Шолпан Мәметова. Бұл мінезді ол бүкіл өмірі бойында бастан кешті.

         Оралдағы әріптестер Ақтөбе мұражайына «Мәншүктің соңғы шайқасы» диорамасының репродукциясын, Псков облысындағы батырдың жерленген топырағын, Мәншүк туралы кітаптар, фотосуреттер, буклеттер ұсынды.

Ақтөбе Жоғары медициналық колледжіндегі Мәншүк Мәметова мұражайының негізгі тұжырымдамасы – қазақ халқы қызының ерлік тағдыры.

         Патриоттық тәрбие берудегі ерекше рөл әскери тарихқа тиесілі, онымен байланысты жас буын өз халқының еңбектері мен әскери ерліктеріне араласады, оның ең жақсы өкілдеріне теңеледі, ұлы бабаларымыздың батырлық мысалдарынан сабақ алады.

Мұражайда әскери минометтен бастап әскери тақырыптағы балалар суреттеріне дейін қазақстандықтардың ерлігі туралы куәландыратын экспонаттар жиналды.

Ақтөбе Жоғары медициналық колледжіндегі Мәншүк Мәметова мұражайының көрме залында біздің студенттер Ақтөбелік батырлар, КСРО батырлары және Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанын қорғаған облыс тұрғындары туралы білетін болады.

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде құрылған Мәншүк Мәметова атындағы мұражайдың маңызы зор. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесіндегі Мәншүк Мәметова мұражайының рөлі сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 302 қаулысымен Ақтөбе медициналық колледжіне Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді.

Ақтөбе Жоғары медициналық колледжіндегі Мәншүк Мәметова мұражайы Невель қаласындағы «Гвоздика» іздеу жасағымен, Оренбург қаласындағы «ВикВиктория» іздеу жасағымен, Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова мемориалдық мұражайымен, Қызылорда қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжімен, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени, этнографиялық мұражай – Хан Ордасы қорығымен бірлесіп жұмыс жасайды

«Жау қайтарған жалғыз»

Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Химиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бесімбаева Жанат Бердіғалиқызы мен Халықаралық медицина факультетінің студенттері: Manu Sharma,Mohammad Azhad, Ghasura Imrankhan Mahammadiliyas, Roshan Khan және Жалпы медицина факультетінің студенттері: Абдигаппарова Жасмин, Сабанова Аяулым, Даулетбай Асылзат колледждегі Мәншүк Мәметова атындағы мұражайды аралады. Сұрапыл со­ғыс жылдарында ерлермен бірдей ерлік көрсеткен батыр қыздардың есімдері ел есінде. Біз осындай батыр қыздарымыздың алдында әрқашан бас иеміз. Олардың ерліктерін мақ­та­ныш­пен айтамыз. Еліміздің жа­сам­паз рухы биік бол­сын! Шетелдік үнді халқының студенттері елімізде білім ала отырып әрбір қазақ халқының азаматын, тілін, дінін, өткенін білуі қажет, себебі өзін, өз халқының жақсысын түсіне білген адам ғана өзгені де сыйлай алады. Туған тілінің асыл қазынасының тұнығынан тұшынып іше білген, оның інжу – маржанын мөлдіретіп тізіп ала білген ұрпақ қана халқын сүйеді, елінің ертеңін ойлайды. Үнді студенттерінің тілегінен кейін колледж студенттері шағын көрініс қойды. Қан майданда фашистік Германияға қарсы тұрған Отандастарының алғы сапында болған және өшпес ерлікпен дараланған Мәншүк Мәметованың рөлін сомдаған студенттер «Жау қайтарған жалғыз» атты спектакльі  жұртты тәнті етті. Нағыз қазақ қызының бойындағы қайсарлық пен батырлықты тап басып бейнелеген студенттердің өнері жүректі сыздатып тұла бойымызды шымырлатты. Патриоттық әндер орындалып, тамашалаған қонақтарға үлкен әсер етті.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

«Актобе из прошлого к горизонтам будущего» облыстық дөңгелек үстел

«Актобе из прошлого к горизонтам будущего» облыстық дөңгелек үстел

   2019 жылдың 12 сәуір күні  Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова   атындағы Ақтөбе облыстық мемориялдық музейімен бірігіп Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратында Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына сонымен қатар Жастар жылына орай  «Актобе из прошлого к горизонтам будущего» атты дөгелек үстел өткізілді.

Шараның мақсаты жастарға патриоттық  тәрбие бере отырып, қаламыздағы музей қызметін дәріптеу. Дөңгелек үстелге қаламыздың мектеп оқушылары мен студенттер, қоғамдық  қызмет өкілдері қатысты.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Тарихи жады

Тарихи жады

2018 жылдың 12 қазан күні біздің колледждің қабырғасында Ресей Федерациясы Тверь облысы Оленинск ауданының басшысы О.А.Дубов, Орал қаласы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражайының директоры С.С.Бектенова, Орал қаласы «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова» іздестіру бөлімінің бастығы С.В.Лапшин, Ресей Федерациясы Орынбор қаласы «ВикВиктория» патриоттық-тарихи клубының жетекшісі А.С.Картуз, колледждің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары А.А.Куздыбаева, колледждің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары С.М.Тажибаева, мұражай жетекшісі А.К.Дильмухамедова және колледж студенттері қатысуымен, ата-бабаларымыздың әскери ерліктері мысалында студенттерге патриоттық тәрбие беру мәселелері талқыланып, халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

«Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова» іздестіру бөлімінің бастығы С.В.Лапшин және «ВикВиктория» патриоттық-тарихи клубының жетекшісі А.С.Картуз мұражай қорына салтанатты түрде «Шонгай» станциясынан экспонаттарды ұсынды, атап айтқанда, 300 кг салмақ түсірген неміс әуе бомбаларынан жарықшақтар, сондай-ақ Кеңес әуе кемесіндегі фюзеляж корпусының бөлігі және Урдом ауылынан Ұлы Отан соғысынан қалған сапер күрегі.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұрасы

Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұрасы

2018 жылдың 27 қыркүйек күні Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қойнауына сыр бүккен Ақтөбе өңірі» тақырыбында Әлия Молдағұлова ауылына сонымен қатар «Алия» атындағы патриоттық-орталығына саяхат жасалды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Әлия ауылының тұрғындары жылы шыраймен қарсы алып, ауылдық Мәдениет үйінде студенттердің қатысуымен «Шығыстың қос шынары» атты мерекелік кешті тамашалады. Мерекелік кештен соң  «Алия» патриоттық орталығының директоры Бағдаш Абдіжалиқызы мұражай қорымен құнды заттардың тарихымен студенттерге ақпарат берді. Көңілге ой салатын, жастарды патриоттық рухын көтеретін, отанын құрметпен сүюге жетелейтін терең ойлар талқыланды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Одан кейін Асан Қайғы баласы, киелі де қасиетті жер Талдысай ауылында орналасқан Абат-Байтақ кесенесіне экскурсия жалғасты. Абат-Байтақ кесенесінің тарихымен және кесенеге жақын жерде орналасқан XYIII ғасырда күйдірілмеген кірпіштен салынған «Қыз моласы» немесе «Әулие Қыз» деп аталатын  кесене тарихымен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қобда филиалының меңгерушісі Такенов Қонысбек таныстыру жұмысын жүргізді. XVIII-XX ғасырларға салынған 200 құлпытастар орналасқан.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Жастарымыз тарихи-мұраларымызды дәріптеу, оларды құрметтеу басты міндетіміз екенін және батыр апамыз Әлия Молдағұлованың ерен ерлігі туралы, тарихи құнды деректермен танысып өздеріне рухани азық алды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

«Болашақ тарихтан басталады»

«Болашақ тарихтан басталады»

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

1.11.2017 Ж. күні  Кеңес Одағының  Батыры  Мәншүк  Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық  колледжінде Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» атты  бағдарламaсы тәуелсіз еліміздің рухани жаңғыруындағы  бабаларымыздан мирас болып қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді, «Үш тұғырлы тілдік» құндылықтарымызды насихаттау.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Туған жердің кемел келешегін тарих арқылы түсіндіру мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кеңес  Одағының  Батыры  Мәншүк  Мәметованың 95-жылдығына арналған  «Болашақ тарихтан басталады» атты қашықтықтан онлайн халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы  өтті.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Конференцияға Орал қаласындағы Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы мемориалдық мұражайы, Ақтөбе қаласынан «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы, Ресей Федерациясы Невель қаласы «Гвоздика» іздеушілер отряды, Түркістан  медицина  колледжі, Қызылорда  қаласынан   М.Мәметова атындағы  гуманитарлық  колледжі,  Ақмола облысы, Кеңес Одағының  Батыры  М.Мәметова  атындағы  ауыл,  Орал  ақпараттық технологиялар колледждері қатысты.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламсы тәуелсіз еліміздің рухани жаңғыруындағы  бабаларымыздан мирас болып қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді, құндылықтарымызды насихаттау  мақсатында  «Туған жердің кемел келешегін тарих арқылы түсіндіру  Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы  аясында  Мәншүк Мәметова  мұражайының тарихи  мәдени  рөлі, «Мәншүктің батырлық тағылымын дәріптеу арқылы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелері айтылды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой