30 қараша 2022 жылы  колледжде  педагогикалық кеңес болып өтті.

Педагогикалық кеңесте Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралары тыңдалды.

Колледж 9 атау бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау.

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру.
  2. Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімін аяқтамаған адамдарға анықтама беру
  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау.
  5. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру.
  6. Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылық пен патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру.
  7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларына біліктілік санаттарын беруге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы.
  8. Денсаулық сақтау саласы кадрларын даярлаудан, біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік қызметтер колледжде (қағаз түрінде), электрондық түрде egov арқылы және Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарына сәйкес көрсетіледі.

Қорытындысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануы қажет.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой