15.11.2022ж. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, кадрларды даярлау, сапасын арттыру мақсатында, жұмыс берушілермен одан әрі қарай тиімді өзара жұмыс жасау мақсатында Республика бойынша «Жұмыс берушілер күні» аталып өтті.
Аталған шараға ШЖҚ «№3 Қалалық емхана» МКК бас дәрігері Ж.К.Нармухамедов, ШЖҚ «Көпсалалы жедел жәрдем ауруханасы» МКК бас дәрігері С.Т.Капанов, ШЖҚ «№7 Қалалық емхана» МКК бас дәрігері Н.Н.Кожин., ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК бас дәрігері Е.Б.Султангереев, ШЖҚ«Облыстық балалар стоматологиялық емхана» МКК бас дәрігері Н.О.Жиенғазы, ТК «Фарм» директоры Ж.Ж.Туреханова, Ақтөбе облыстық қан орталығы бас дәрігері Г.Ж.Неталина, Ақтөбе облыстық шұғыл жедел жәрдем станция бас дәрігері М.Х.Жанкулов және колледж түлектері басты қонақ ретінде шақырылып, пікірталас өткізілді.
Келген қонақтармен колледждегі симуляциялық кабинеттерге экскурсия жасалды. «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Фармация», «Стоматология», «Лабораториялық диагностика», «Акушерлік ісі» мамандықтары бойынша шебер-класстар өткізілді. Колледж акт залында әлеуметтік серіктестіктермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, директор М.Х.Кузбаков шараны құттықтау сөзбен ашты.
«Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда әлеуметтік серіктестіктің рөлі» тақырыбында директордың Ақтөбе облыстық мейірбике ісін дамыту орталығының орынбасары З.С.Алипова баяндама жасады.
Бітіруші топтарға «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, жұмыс берушілермен мамандықтар бойынша кездесу өткізілді.
Кеш барысында үздік жұмыс берушілер мерекеге орай Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен, Ақтөбе облыстық Білім басқармасының Алғыс хатымен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Алғыс хатымен, Білім беру саласына қосқан үлесі үшін Төс белгісімен марапатталды.

