Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік таңы" атты Қайырымдылық балы

Имени героя Советского Союза Маншук МаметовойАқтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен өткен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі ағымдағы жылдың  13 желтоқсанында жылдағы дәстүрлі түрде өтетін «Тәуелсіздік таңы» атты Қайырымдылық балы  «DIANA PALACE» ресторанында  өткізілді.

  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай арналған шараның өту барысына Ақтөбе облысының әкімдігі,Облыстық ішкі саясат басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы мен емдеу мекемелері ,облысымыздың белгілі меценаттары қолдау көрсетті.

«Тәуелсіздік таңы» атты Қайырымдылық балында колледжіміздің көздерінде от ойнаған, сөздерінде жалын бар Тәуелсіз еліміздің колледжіміздің 23 жастарына «100000» теңгелік ақшалай сертификаттар және  облысымыздың емдеу алды  мекемелеріне «жұмысқа орналасу туралы кепілдік»сертификаттарын облыс әкімінің орынбасары  Бұлбұл Ораққызы табыстады.

           Қайырымдылық аукционнан түскен қаражат аукцион комиссиясының шешімімен мүмкіншілігі  шектеулі, 2015 жылдан бері қолдау көрсетіліп келе жатқан Қали Серікке  210000 теңге табысталды.Сонымен қатар Мәртөк ауданының Маслиқат депутаты, Қазақстаннық іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі Тлегенова Бану Галиевна Мартук ауданы, «Зәру» шипажайына Серік пен анасына 7 күн демалу, ем алу, сауықтыру мақсатында 2 жолдама сертификат табыстады.

         «Тәуелсіздік таңы» атты  Қайырымдылық балында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медицианылық колледжде білім алып жүрген ерекше назардағы білім алушыларымыз  «Көнеміз ғой» әнін ерекше орындады.Сонымен қатар Колледжіміздің Республикалық фестивалдің жеңімпаздары   «Шашбаулым» қыздар клубының аруларымен Серік Қалимен бірге «Ассалаумагалейкум» әні, «Қазағым — ай» орындалды. Қайырымдылық шарада дебюданттар «Любовь уставщих лебедей», «Қазақ вальсін» тамаша билеп, көрермендер көзаймы бола білді. Қайырымдылық шарасы өте жоғары деңгейде өтті

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой