«Фармация» мамандығы бойынша оқу – әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті

2020 жылдың 29 қазанында республикалық колледждер арасындағы «Фармация» мамандығы бойынша оқу – әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы болып өтті. Отырысқа республикамыздың 45 колледжі қатысты. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Кредиттік — модульдік технология бойынша фармацевтерді дайындауда интербелсенді технологияларды қолдану;
2. ««Дәрі түрлерінің технологиясы» пәнінен ашық сабақтың үздік әдістемелік нұсқамасы» байқауының қорытындысы;
3. Әртүрлі
Соның ішінде екінші сұрақ бойынша байқауды колледжіміздің «Фармация» ЦӘК оқытушылары ұйымдастырып, өткізді. Қатысушылардың жұмыстарын төрешілер алқасы талқылап, таразылады. Сабақ өткізуде тәжірибелік дағдылардың қашықтан оқыту барысында меңгерілуі, ZOOM бағдарламалары мен ақпараттық коммуникативтік технологиялардың қолданылуы ерекше аталып өтті. Байқаудың нәтижесі қорытындыланды.

