WorldSkills Республикалық чемпионаты - 2019 жыл

   WorldSkills  чемпионаты бұл көптеген елдерде және соның ішінде бізде, Қазақстанда ауқымды мемлекеттік қолдауға ие, бүкіл дүние жүзіне кең таралған халықаралық қозғалыс. Чемпиоанаттың негізгі мақсаты – бұл студенттердің беделін арттыру, шеберлік дағдыларын дамыту. Осы мақсатпен 2019 жылдың 11-15 қараша айында Нұрсұлтан  қаласында республикалық медициналық колледждер арасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2019  V республикалық чемпионаты өтті. Бұл чемпионатқа біздің Ақтөбе облысынан колледжішілік, өңірлік WorldSkillsAktobe- 2019 чемпионатының жеңімпазы,қазіргі таңда Мәртөк орталық аудандық ауруханасында мейіргер қызметінде жұмыс жасап жатқан, біздің түлегіміз Алыканов  Сүндетбек қатысты. Берілген 6 модуль тапсырмаларынан ағылшын тілінде білімін жоғары дәрежеде көрсетіп, қола медаль жүлдегері атанды. Сүндетбек 2020 жылдың 27-29 қараша аралығында Абу Даби қаласында өтетін «Asia skills» және 2021жылы Қытай мемлекеті Шанхай қаласында өтетін «WorldSkills Shanghai 2021» әлемдік чемпионатқа қатысуға үміткер.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой