Студенттер қатарына қабылдау
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде 2019-2020 оқу жылына жаңадан қабылданған бірінші курс студенттерін дәстүрлі студенттер қатарына қабылдау шарасы өтті. Студенттер қатары «Емдеу ісі», «Медбикелік іс» «Стоматология», «Лабораториялық диагностика», және «Медбикелік ісі» «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі мамандықтары бойынша білім алушы студенттермен толықты. Шараны колледж директоры М.Х.Кузбаков ашып, студенттерге оқуда табыс, студенттік өмірлерінің қызықты өтуіне тілегін білдірді. Жоғары курс студенттері бірінші курс студенттеріне «Сынақ кітапшасын», «Студенттік билет» және «Білім кілтін» табыстады. Шара қонақтарының қатарында денсаулық сақтау саласының мамандары,колледж ардагерлері және ата-аналар болды.Мерекелік шараның соңында студенттер студенттік ант қабылдап, жоғары курс студенттерімен бірге колледж гимнін орындады.




