«Менің мамандықты таңдаудағы алғашқы қадамым» ашық есік күні
2019 жылдың 16 мамыр айында Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде «Менің мамандықты таңдаудағы алғашқы қадамым» тақырыбында ашық есік күн өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты — мектеп оқушылары арасында жұмысқа деген адал қарым-қатынас жасау, кәсіби дағдыларын қалыптастыру, олардың қабілеттеріне және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, өздерінің қызмет салаларын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіптік өзін-өзі анықтау үшін құрылған бағдарлама. Колледж кітапханасының меңгерушісі кітапханамен таныстырып, кітапты пайдалану ережелері туралы әңгімеледі. Студенттерге Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы мұражайға экскурсия жүргізілді. Ашық есік күнінің басында және аяғында колледж психологтары сауалнамалар мен студенттерге арналған тренинг өткізді.



