«WorldSkills Казахстан Актобе-2019»
Сәуір айының 22-26 күндері Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен облысымызда алғашқы рет аймақтық деңгейде «Медициналық күтім және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша техникалық мамандықтар арасында WorldSkills чемпионаты өткізілді. Құзыреттілік бойынша модульдер 2 алаңда (зона) жұмыс жасады. 1 алаң (зона) аурухана күтім жасау (хосписте) күндізгі ауруханада өтті. 2 алаң (зона) үй жағдайында (мейіргерлік күтім) орталығында өтті. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша облысымызда алғашқы рет аймақтық деңгейінде болып жатқан чемпионатқа Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінен 2 қатысушы, Баишев жоғары медициналық колледжінен 2 қатысушы, Облыстық перинатальды орталықтан және Темір жол ауруханасынан 1 мейіргерден қатысты.
Сонымен қатар чемпионатқа қатысушыларды бағалау мақсатында бас сарапшы, бас сарапшы орынбасары және эксперттер немесе кампатриоттар қатысқан болатын. Бас сарапшы міндетін Паллиативтік көмек ассоциациясының директорының орынбасары, бас сарапшы орынбасары міндетін Ақтөбе медициналық орталығының аға мейіргері атқарған болатын. Жеңімпаздар Ақтөбе облысының Білім басқармасының Құрмет граматосымен, төс белгісімен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Аймақтық чемпионатта «WorldSkills Kazakstan Aktobe-2019» «Медициналық күтім және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша 1 орынды Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің 3 курс студенті Алыканов Сундетбек Жумаканулы иеленді. 2 орынды Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің 3 курс студенті Достанова Иңкәр Әділбекқызы иеленді. 3 орынды Темір жол ауруханасының мейіргері Жолдыбаева Индира Маратовна иеленді. Аймақтық чемпионат «WorldSkills Kazakstan Aktobe-2019» жеңімпазы республикалық чемпионатқа жолдама алды.



