Жас мамандарға кітапхана қоры туралы ақпарат
2018 ж. 24 желтоқсанда колледж кітапханасының оқу залы және мультимедиа кабинетінде жас мамандарға арналған ақпарат сағаты өткізілді. «Жас оқытушылар мектебі» төрайымы, педагог Ф.М. Сүйін қатысып, кітапхана меңг. Б.А.Муратова кітапхана қорымен таныстырып өтіп, мерзімді басылымдар туралы библиографиялық шолу жасады. Жас оқытушыларға оқу залдан қажетті
оқу-әдістемелік құралдарды пайдаланып, сабақ түрлеріне қолдану туралы, мультимедиа залында орналасқан электронды оқулықтармен танысып, өз пәндеріне пайдалану қажеттілігі жөнінде ақпараттар берілді. Жас мамандар арасындағы психолог әріптестеріне арнап тренинг өткізді.
