Тәуелсіздік дәуірінің кемеңгер көшбасшысы
29 қараша күні Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне арналған «Тәуелсіздік дәуірінің кемеңгер көшбасшысы» тақырыбында облыс көлемінде дөңгелек үстел өткізілді.Шараның мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Ел еңсесін тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатар ұлт көшбасшысы келбетін меңгерту. Елін сүйген, елі сүйген, Елбасын үлгі тұту.

Тарих пәнінің оқытушысы Л. Абдуллинаның «Қазақтың дана кемеңгер ұлы» тақырыбындағы алғашқы баяндамасы Елбасының өмір жолынан сыр шертсе, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызыметкерлердің біліктілігін арттыру институтының иновациялық бөлімінің бас маманы, гуманитарлық ғылымдарының магистірі — Бектенгалиев Серік Асқарұлы мен Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінің тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Маден Асылбек Төреханұлы сынды шара қонақтары Елбасы жолдауларындағы жастар мәселесіне кеңінен тоқталды.

М. Құсайынов атындағы Ақтөбе дарынды балаларға арналған мектеп интернатының тарих пәнінің оқытушысы, экономика ғылымдарының магистірі – Смадиярова Күнайым Смадиярқызы және Облыстық тарихи өлкетану музейінің ғылыми қызыметкері Әлия Шалмановалар ұлт көшбасшысын жан-жақты қырынан таныстырды. Шара соңы колледж жастарының жүрекжарды жырларымен әрленіп, ән күймен жырланды.
