Дебатный клуб "Бабалар аманаты"
Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, сөз сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары Медициналық колледжі жанындағы «Бабалар аманаты» пікірталас клубының «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы» тақырыбында колледжішілік турнирі өтті.
Турнир Американдық Парламенттік формата берілген қарарлар бойынша жүргізілді. Барлық пікірталасушылар тіл шеберлігі мен талқыланған мәселелер туралы терең білімдерімен ерекше көзге түсті. Болашақтың жарқын, келешектің айқын болуы жастардың қолында. Қоғамдық мәселермен бой көтерілген сайысқа қатысып, нық сеніммен алға басқан жастарымызға алғысымыз шексіз!
