«Туған жердің тарландары»

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой     18 мамыр күні колледждің 2-ғимаратында орналасқан кітапханада президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды қалыптастыру мақсатында Ақтөбе өңірінде өмірге келіп, өсіп-өнген, әдебиет және өнер саласында атақтары бүкіл Қазақстанға танылған дарын иелерінің өмір-жолдарына арналған «Ұрпақтары мақтан тұтқан тұлғалар» атты ақпараттық-библиографиялық шолу болып өтті.

Студенттерге жерлестеріміз: ақындар – Н.Байғанин, С.Жиенбаев, Қ.Шаңғытбаев, Е.Дүйсенбайұлы, жазушы – Т.Ахтанов, ақын-сазгер – Б.Тәжібаев, сазгер, музыканттар – А.Қ.Жұбанов, Ғ.А.Жұбановалардың шығармашылық еңбектері туралы мәліметтер беріліп, слайдтар көрсетілді. Шара барысында «Туған жердің тарландары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой