«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
27.04.2017 жылы Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен, Ақтөбе медициналық колледжінде «Ақтөбе облысындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекет» алтыншы бағыт: «Терракт қаупіне дайындық» жобасын іске асыру мақсатында іс-шара болып өтті. Шараға Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті жедел жоспарлау басқармасының бастығы, полиция майоры Джумакулов Аман Махамбетұлы және Ақтөбе қаласы Ішкі істер басқармасы «Елек» полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Кунбасов Зиядин Бақытжанұлы қатысты. Шара барысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы талқыланып, бейнероликтер көрсетілді.
