Туберкулез – қауіпті дерт

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой   Сәуір айының 11 жұлдызында Ақтөбе медициналық колледжінде Қызыл Ай Қоғамының Ақтөбе облыстық филиалымен бірлескен шара өткізілді. Қызыл Ай Қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы биылғы жылы «24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне» орайластырып өткізген «Туберкулезді тоқтатамыз!»

атты айлық шараға қаламыздың орта арнаулы оқу орындары белсене қатысып, студенттер шығармашылық байқау бойынша «Туберкулез-қауіпті дерт» тақырыбында сурет салып, шығарма, диктант жазды. Аталған шара осы айлықты қорытындылау кезеңі ретінде өткізіліп, шығармашылық байқауға белсенді 25 студент, оқу орындарында айлықты ұйымдастырған 12 оқытушы Алғыс хатпен марапатталды. Солардың қатарында Ақтөбе медициналық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Р.Б.Жазыкова, А.А.Туленова және 10 студент бар.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой