«ӘДЕПТІЛІК ӘДЕМІЛІК БЕЛГІСІ»

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

21 сәуір 2016 ж 201 «Емдеу ісі» тобының ұйымдастыруымен «Әдептілік әдемілік белгісі» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында студенттердің ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін — өзі ұстай білуге, студенттерді адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа және кішіпейілділікке, әдептікке, ізгілік пен мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты төмендегідей бөлімдерден тұрады:

 

  • «Сәлемдесу — әдептілік белгісі»
  • Тамақтану мәдениеті
  • Тіл мәдениеті.
  • Отбасы мәдениеті.

Студенттер жақсы жаманды салыстыра отырып, көрініс түрінде, өлең оқу, әсем ән мен мың бұралған бишілерімен өнерлерін ортаға салды. Тәлім – тәрбие отбасынан басталады. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап құрметтеуді, үлкендерге сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен.