Ана құдіреті

Имени героя Советского Союза Маншук МаметовойАғымдағы жылдың 4 наурыз күні Ақтөбе медициналық колледжінің мәжіліс залында стоматология бөлімінің меңгерушісі У.У Курмангалиеваның ұйымдастыруымен және топ жетекшілер Р.Р.Тобажанова мен А.Е. Кадырованың орындауымен8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Анақұдіреті»тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Әдеби-музыка-кездесу кешітүрінде жүргізілген шараға балалар үйінен бес баланы бауырына басқан, олардың рухани дамуына және тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, мейірімділіктің, қамқоршылықтың, жанашырлықтың нұрын сеуіп, бақыт шапағатын силап отырған   аяулы ана Жанганашева СараДәлішқызы шақырылды.Ашық шарағаұстаздармен қатар гигиена және эпидемиология, лабораториялық диагностика және фармация бөлімдерінің студенттері қатысты.

 

54 жастағы Сара Дәлішқызы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ана бола тұра,студенттерге өзінің түсінде үнемі«мені алып кетші»деп екі жарым жыл ұл баланың шақырып жүргендіктен осындай қадамға барғанын жасырмай айтты.Ол қалай десе де, балаға өзінің туған анасынан артық ештене жоқ және бір күлкісі кем өскен балалардың балалар үйіндегі мейірімді тәрбиешілері де анасының орнын баса алмайтынын өз сөзімен дәлелдеп берді.

Әрбір студент патронаттық тәрбие — бұл бала үшін бақытты отбасы мүшесі болуға жасалған қадам екендігін және ана құдіретінің маңыздылығын түсінді.«Алтыннан соққан қорғандай» ата-ана орнын басып, перзенттерінің жүректеріне жылу мен мейірім ұялата білген өмірлік қорғаныш, асқар тірегі болып отырған  Сара Дәлішқызына көрермен ризашылығын білдірді.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой