«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу»
Тәрбие бөлімі мен құқық бұзушылықтың алдын-алу Кеңесінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында Ақтөбе қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры А.А. Аскарованың қатысуымен колледжде 2017 жылдың 30 қараша күні кездесу өтті. Кездесуге бөлім меңгерушілері, оқытушылар және студенттер қатысты. Кездесудің мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
Прокурор А.А. Аскарова «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында дәріс оқыды, сауалнама жүргізді және сұрақтарға жауап берді.

