«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдай уақыт өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Республика тұрғындарына;«Жемқорлық біздің өмірімізге әртүрлі салаға терең еніп келеді, жемқорлық – экономикамызды түсіреді, құртады» деп айтқан болатын. Елбасы жемқорлық мәселесін көптеген жылдар бойы қатаң бақылауға алып жур. Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды әрбір азамат өзінен бастаған жөн деп есептеймін. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу, көріністерін барынша азайту, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату. Сыбайлас жемқорлықпен күресті қоғамдық және студент жастарының ұйымдарымен бірлесіп жүргізу, оқу-білім үрдісінде студенттер мен оқытушылар тарапынан болатын келісімсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.


