WorldSkills Республикалық чемпионаты - 2021
WorldSkills чемпионаты бұл көптеген елдерде және соның ішінде бізде, Қазақстанда ауқымды мемлекеттік қолдауға ие, бүкіл дүние жүзіне кең таралған халықаралық қозғалыс. Чемпиоанаттың негізгі мақсаты – бұл студенттердің кәсіби білім сапасын арттыру, шеберлік дағдыларын дамыту. Кеңес Одағының батыры Мәшүк Маметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі 2019 жылдан бастап чемпионатта жүлделі орындарға ие болып жүр. 2019 жылы «Worldskills Kazakhstan Aktobe-2019» аймақтық чемпионатында медицина саласы бойынша колледж студенті Алканов Сундетбек қатысып, V Республикалық чемпионатта 3 орын алып, қола медаль игері атанса, 2021 жылдың қараша айының 11-15 жұлдызы аралығында, Нұрсұлтан қаласында республикалық медициналық колледждер арасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2021» VІ республикалық чемпионатында өңірлік «WorldSkillsAktobe – 2021» чемпионатының жеңімпазы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры 2 курс студенті Жакупова Амина, 2 дәрежелі орынға ие болды. Күміс медаль иегері 2022 жылы Қытай мемлекеті Шанхай қаласында өтетін «WorldSkills Shanghai 2022» әлемдік чемпионатқа қатысуға үміткер.

