12 мамыр Халықаралық мейірбикелер күніне арналған облыстық мерекелік онлайн конференция
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 12 мамыр Халықаралық мейірбикелер күніне арналған «Мейірбике – мерейлі мамандық» атты мерекелік облыстық онлайн конференция өтті. Аталған шараны ұйымдастырушы – Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі.Конференция барысында облысымыздың сегіз мыңнан астам орта буын медицина қызметкерлерін Zoom платформасы арқылы Халықаралық мейірбикелер күнімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Исаев Рустем Канапиевич құттықтап, еңбекте ерекшеленген қызметкерлерді марапаттады. Қала және аудан емдеу мекемелерінде онлайн режимінде Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министірлігінің, облыстық маслихаттың, облыс және қала әкімдерінің, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы марапаттары табыс етілді.«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлердің кәсіптік одағы РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының атынан әлеуметтік жағдайы төмен 53 орта буын медицина қызметкерлеріне азық-түлік себеті табысталды.Сонымен қатар аталған мереке қарсаңында ұйымдастырылған ақцияның қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының мейірбикелер ассоциациясы денсаулық жағдайына байланысты, емделуге 15 орта буын медицина қызметкерлеріне 30 000 тенгеден материалдық көмек көрсетті. Орта буын медицина қызметкерлерін 86 жыл бойы дайындап келе жатқан қара шаңырақта өтіп жатқан мерекелік конференцияда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің директоры Кузбаков Мажит Хамитұлы кұттықтау сөз алып, колледж атынан болашақ орта буын медицина қызметкерлерін білім беруде қосқан үлесі үшін төс белгімен марапаттады. Облыстық конференция мерекелік концерт тамашалаумен аяқталды. Онлайн концерт болашақ орта буын медицина қызметкерлері – колледж студенттері ұйымдастырды. Облыстық мерекелік конференция эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық — гигиеналық нормаларды сақтай отырып онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды.



