Ғаламтормен әлеуметтік желілердің қауіпсіздігі және жастар психологиясы
2021ж 20 сәуірде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде «ЖОО студенті – колледж студенті» жыл сайынғы үрдіс бойынша «Жалпыгуманитарлық пәндер» ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ғаламтормен әлеуметтік желілердің қауіпсіздігі және жастар психологиясы» тақырыбында Ақтөбе Әскери академиясының студенттерімен бірге отырып ашық шара өткізілді. Шараны ЦӘК төрайымы Н.Кудабаева ашып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Куздыбаеваға сөз берілді. Шара тақырып мағыздылығы туралы пікірін білдіріп сәттілік тіледі. Шара барысында қазіргі уақыттағы әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы туралы екі оқу орнының студенттері өз ойларын білдіріп, пікірталас болды. Шара соңында қатысқан студенттерге белсенділіктері үшін алғыс айтылып, дипломмен марапатталды.



