WorldSkills Ақтөбе -2021 «Фармацевтика » кұзіреттілігі бойынша аймақтық чемпионаты

Колледжімізде 13.04-14.04.2021ж. аралығында алғаш рет «Фармацевтика» кұзіреттілігі бойыншпа     аймақтық WorldSkills Ақтөбе – 2021 чемпионаты өткізілді. Ашылу салтанатында колледж директоры Кузбаков Мажит Хамитович, Облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік орталықтың әдіскері Кулсейтова Гульназ Әмірбекқызы  катысушыларға сәттілік тіледі. Байқау тапсырмалары мен техникалық сипаттамасы арнайы облыстық білім басқармасының жанынан құрылған комиссияда қаралып, ұсынылды. Чемпионатқа  «Фармация» болімінің 3курс студенттері Базарова Ш., Баймбетова Ж, Кусаинова З катысты. Чемпионат презентациялық форматта өтті. Жұмыс тобын Нуржигитова Г. Т. ТОО «Аманат» Ақтөбе филиалының директоры -бас сарапшы, Жабагиева О. Д. Ақтөбе  медициналық орталығының провизоры- бас сарапшы орынбасары, Калдыбаева Н.К., Карагаева Л.У., Нуржанова Р.Г. арнайы пән оқытушылары – сарапшылар ретінде құрады. Байқау тапсырмалары «Фармацевтика» саласы аймақтарында өткізілетін үш жеке модульдан тұрды. Үшінші аймақтың тапсырмалары ағылшын тілінде орындалды. 1.Дәрілік препараттарды,  дәрілік өсімдік шикізатын және дәріхана ассортиментіндегі тауарларды қабылдау, бақылау,  сақтау 2.Рецепттер мен  медициналық ұйымдардың талаптары бойынша дәрі-дәрмектерді дайындау 3.Тұтынушыларға фармацевтикалық  кеңес беру,  дәрі-дәрмектерді,  дәрілік өсімдік шикізатарды  және  дәріхана ассортиментінің басқа да өнімдерін халыққа босату. Әрбір аймақта қатысушы дәріханаға тиісті жағдайға деген қажеттілігін имитациялауға негізделген тапсырмаларды орындады.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой