«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша колледжішілік "WorldSkills Kazakstan Aktobe-2021"чемпионаты
25-27 наурыз аралығында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakstan Aktobe-2021″колледжішілік чемпионаты өтті. Чемпионатқа 18-22 жас аралығындағы 1 және 2 курс студенттері, сарапшылар, еріктілер, статисттер қатысты. Қатысушылар медициналық және әлеуметтік күтім аймақтарының бірінде өткізілетін 4 модуль бойынша тапсырмаларды орындады. өздерінің тәжірибелік дағдылары мен шеберліктерін көрсетті. 1 аймақ: стационардағы күтім, күндізгі стационар; 2 аймақ: үйде күтім жасау, мейірбике күтімі орталығында. Чемпионатқа қатысушыларды бағалауға бас сарапшы Аманжолова Бахыткуль Кайбалдиевна жедел медициналық жәрдем ауруханасының көпсалалы бөлімшесінің аға медбикесі; бас сарапшының орынбасары: Абдушева Асылгуль Айдынгалиевна – Финляндияның Хельсинки қаласында кәсіби даярлықтан өткен Ақтөбе облысының Мейірбике ісін дамыту орталығының жоғары санатты оқытушысы қатысты, сондай-ақ біздің колледждің компатриот-сарапшылары. Чемпионат қорытындысы бойынша: 1 орын Жакупова Амина «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» 1 курс студенті, 2 орын Арыстанғазы Толғанай «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» 2 курс студенті, 3 орын Касымова Диянира «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» 2 курс студенті. Барлық қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды. Колледжішілік чемпионатта жүлделі орындарға ие болған қатысушылар «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша «WorldSkills Kazakstan 2021″өңірлік чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.


