«Мейірбике ісі» мамандығының «Медбикенің қолданбалы бакалавры» біліктілі түлектеріне дипломдар табыс ету
2021 жылдың наурыздың 12-і жұлдызы күні Мамандығы «Медбикелік іс» Біліктілігі «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» 1,6 траекториясының екіншітүлектерінің салтанатты диплом табыстау шарасы өтті. 2019 жылы қабылданған 77 студент дипломдық жобаны қорғап,екі этапты қорытынды мемлекеттік аттестацияны жақсы нәтижеге тапсырып , дипломдарын қолға алды.Колледжіміздің директоры Кузбаков Мажит Хамитович түлектерге ақ жол тілеп,жаңа шыққан белестерімен құттықтады. Ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, мейірбикелік зерттеулер жүргізуде белсенділік танытып, дәлелді мейірбикелік практиканы өз емдеу мекемелерінде енгізуге үлес қосқан студенттер: Карагулова Эдьвира Муратбаевна,Жапарова Айгуль Калиевна,Алмагамбетова Айслу Ахметовна,Маканалина Гулнар Коныровна,Ахметова Индира Даулетбаевна , Кажарова Раушан Матенбековна «Алғыс хатпен» марапатталды.


