Педагогикалық кеңес №3

29 қаңтар  2021жылы  Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы  Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде онлайн режимде кезекті педагогикалық кеңес болып өтті.

Педагогикалық кеңесте  күн тәртібіндегі төмендегідей  мәселелер тыңдалып, талқыланды:

1.2020-2021 оқу  жылының  бірінші  жарты  жылдығы  бойынша   студенттердің сабаққа қатысуы мен  білім сапасын талдау.

2.Ақтөбе  облысының  Медбикелік іс дамыту  орталығы  жұмысының  жылдық  есебі, 2021 жылғы  жұмыс  жоспарын  бекітуге   ұсыну

3.Үш жыл ішінде білім алушылардың бітіргенге дейін жеткізілу есебі

4.»Медбикелік іс» бөлімі, біліктілігі «Медбике ісінің қолданбалы бакалавры» (1,6) студенттерін білімді тәуелсіз бағалауға дайындау

5.Студенттерді ақылы топтан бюджеттік топқа ауыстыру туралы комиссия шешімі

6.Қашықтықтан оқыту жағдайында   оқу үдерісіне енгізілген өзгерістер туралы. Қортындысында колледж ұжымы    алдына білім алушыларды бірінші курстан бастап тәуелсіз емтиханға дайындау әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, жүйелі түрде дайындау жұмыстарын жүргізу міндеттері қойылды. Комиссия мүшелері өтініш берген әр білім алушыларды талқылап,дауыс беру нәтижесінде ұсынылған  білім алушылар ақылы топтан бюджеттік топқа ауыстырылды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой