Иммунды жүйені тонуста ұста

2021 жылдың 08 қаңтарында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі «Фармация» бөлімінің ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Жоғарғы оқу орны студенті – колледж студенті» жоспары аясында «Иммунды жүйені тонуста ұста» атты тақырыпта ZOOM платформасы арқылы дөңгелек үстел өтті. Мақсаты:

Студенттердің имммундық жүйе мүшелері, олардың қызметі, иммунитет туралы білімдерін жүйелеу, тереңдету. жоғары оқу орындары студенттері мен колледж студенттері арасындағы достық, іскерлік қарым қатынасты нығайту.

Отандық өнімді тану, қолдау, ұрпақ тазалығының ұлт болашағы екендігін ұғындыру, жаман әдеттерден жирену, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Республикалық деңгейде өткен шарада Зерде Фито ЖШС директордың өндіріс бойынша орынбасары, фармацевтикалық ғылымдар магистрі Жуматаев М.Ж студенттерге иммундық жүйені қалыпты ұстауға көмектесетін дәрілік шөптер, олардың шығу түрлерін, қолданылу аясын кеңінен түсіндіріп берді. Оңтүстік  Қазақстан медицина академиясы, М. Оспанов атындағы БҚМУ  және колледжіміздің «Фармация» бөлімінің студенттері   тақырып аясында пікір алмасып, қазіргі пандемия жағдайында иммунитетті тонуста ұстау үшін қорғану шараларын кеңінен талқылап, пайдалы мағлұматтар берді.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой