Жоғары оқу орны студенті мен колледж студенті арасындағы кәсіби байланысты нығайту аясында

2020 жылдың 12 –ші желтоқсан күні  Кеңес  Одағының  Батыры  Мәншүк  Мәметова  атындағы Ақтөбе  Жоғары  медициналық  колледжінің 1 курс студентеріне арналған М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетіндегі анатомиялық мұражайға виртуалды саяхат ZOOM –платформасы арқылы  өткізілді.

Шараның мақсаты:

колледж студенттерінің болашақ мамандыққа қызығушылығын еселеу;

«Анатомия —  медицина ғылымдарының негізі» қағидасын ұстана  отырып, осы пән бойынша студенттердің білімдерін арттыру;

колледж студенттерін ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу.

Шараны ұйымдастырушылар: Колледж «Жалпы кәсіби пәндер» ЦӘК оқытушылары мен М.Оспанов атындағы университетінің «Қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативті хирургия» кафедрасының доценті Жайлыбаев М.С және  оқытушысы Сапарғалиева Ә.А.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой