Педагогикалық кеңес №2

28  қараша  2020 жылы  Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы  Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде онлайн режимде кезекті педагогикалық кеңес болып өтті.

Педагогикалық кеңесте  күн тәртібіндегі төмендегідей  мәселелер тыңдалып, талқыланды:

1.Бітірушілердің  жұмысқа  орналасуын талдау  2019-2020 оқу жылы және соңғы жылдардағы карьерлік өсу

2. 1 курс студенттерін қашықтан оқыту шеңберінде оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа нысандарына бейімдеу (талдау)

3.«Жалпы білім беретін және жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК оқытушыларының  қашықтықтан білім беру  технологияларын  пайдалана отырып сабақтарды ұйымдастыру деңгейін талдау

4. ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы

Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК   білім алушыларына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы  атаулы  шәкіртақыны   тағайындау туралы.

 Қортындысында колледж ұжымы    алдына қашықтықтан оқыту үрдісінде  студенттердің жаңа ортаға бейімделу мақсатында  тәрбие бөлімі, бөлім меңгерушілері, психолог, топ жетекшілер, үйірме жетекшілері үздіксіз байланыста болып, шараларды бірігіп  өткізу жұмыстарын   күшейту міндеттері қойылды.

Колледждің екі білім алушысына  Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы  атаулы  шәкіртақысы   тағайындау туралы қаулы қабылданды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой