«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша колледжішілік WorldSkills чемпионаты
26-28 ақпан аралығында «Медициналық – әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша Қазақстанда Worldskills чемпионаты бүгінде алғаш рет колледжіміздің қабырғасында өткізіліп отыр. Чемпионатқа науқастарға күтім жасаған 2,3 курс студенттері, сондай-ақ 18-22 жас аралығындағы жас мамандар мен білім беру ұйымдарының түлектері қатыса алады. Чемпионатта 6 модул бойынша тәжірибелік іс дағдыларын көрсетті. Басты мақсаты медициналық мәртебені және дағдылық шеберлікті арттыру болып табылатын WorldSkills — халықаралық бейкоммерциялық қозғалыс. WorldSkills Kazakhstan миссиясы – халықаралық стандарттарға негізделген техникалық мамандықтар бойынша жоғары технологиялық өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ету тетіктерін жасау, оның ішінде кәсіптік бағдарлау, оқыту, сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру. Чемпионат қорытындысы бойынша1 орынды Достанова Іңкәр жеңіп алды. 1,2,3 орын алғын конкурсанттар сәуір айында өтетін аймақтық чемпионатқа қатысуға, одан әрі республикалық, халықаралық «World Skills» чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.