«Анам, әкем және мен» спорттық мерекелік шара

2018 жылдың 15 қыркүйегінде Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің профсоюз комитеті ұйымдастыруымен, ҚР-ның отбасы күніне орай колледж қызметкерлері арасында «Анам, әкем және мен» атты девизбен спорттық мерекелік шара өтті.Спорттық мереке директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Куздыбаеваның құттықтау сөзімен және командалармен әділ қазыларды таныстырумен басталды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Мерекелік сайысқа 6 команда қатысты: «Сұңқар», «Ұлан», «Жалын», «Алға», «Семейка», «Жастар».Отбасылық спорттық шара 6 этаптан тұрды: «Эстафета», «Кедергілерден жүгіріп өту», «Қаппен секіру», «Обруч», «Скакалочка» және «Доппен жүгіру».

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Ата аналар және балалар жүгірді, секірді және барлық кедергіден өтті. Бұл сайыста шыныменде отбасылық күш пен ынтымақтастық шыңдалды. Командалар алғырлықтарымен ұйымшылдықтарымен және шапшаңдықтарымен таңқалдырды. Керемет көңіл күймен қоса жеңімпаздар мен қатысушылар ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтармен, төмендегідей номинациядағы дипломдармен марапатталды: «Мерейлі отбасы», «Белсенді отбасы», «Үздік отбасы», «Ұйымшыл отбасы», «Өнегелі отбасы».

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Мерекелік шара өте керемет атмосферада өтіп, нағыз достық пен бірлікті көрсетті. Барлық қатысушылар жағымды эмоциямен қатар жаңа серпіліс алды.