Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінде 4 маусымда салтанатты ашық шара өтті

Шараны өткізу мақсаты: студенттерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге және Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Ашық шара студенттердің Мемлекеттік Туды ұстап, ҚР Мемлекеттік Гимнін орындауымен ашылды.

Шарада Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, ардагер Рахиев Роман Рахиұлы өзінің құттықтау сөзінде Мемлекеттік Рәміздер күнін мерекелеу Қазақстан Республикасының халықтарының бірлігін нығайту, қазақстандық патриотизмді, рухани құндылықтарды насихаттауға тәрбиелейтінін атап өтті.

Мерекелік шара барысында студенттер Қазақстанда тұратын әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерімен шығып, халықтар достығы мен патриотизм белгісіндей тамаша композиция көрсетті, қазақ еліндегі тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім, Отан, тәуелсіздік туралы патриоттық тақырыптарда әндер орындады.

