«Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар»
Адам денсаулығын нығайту – медицинаның ғана емес, барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Салауатты өмір салтын сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ету, гигиеналық ережелерді орындау және жастар арасында жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардың алдын алу мақсатында «Мейіргер ісі» бөлімініңтоп жетекшілері Г.Ильясова,
А.Байназарова ұйымдастыруымен, №4 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Айтбаева Раушан Султангалиевнамен кездесу өткізілді. Дәрігер «Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар» тақырыбында баяндама оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, белсенділік танытты. Студенттерге жадынама таратылды.

