"Бақытты бала - Мәнгілік ел!"атты мерекелік шара
Мамыр айының 31 жұлдызында халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты бала — Мәнгілік ел!»атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында колледж қызметкерлері балаларының жеке қасиеттерін шыңдап, өз өнерлерін ортаға көрсетіп бір – бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеуге назар аударылды. Шара колледж жанындағы «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы музейге» саяхат жасау мен және ата-аналарының жұмыс орнымен
танысумен басталды. Бұл шараға «Мейірбике ісі» ЦӘК оқытушылары мен колледж студенттері белсенді ат салысып ертегілер еліне саяхат жасап, балаларды қызықтыра білді.
Балалар өз өнерлерін көрсетіп өлең, ән айтып, би биледі. Әртүрлі ойындар ойнатылды.Мерекелік шарада «Кім тапқыр?», «Узнай, найди маму», «Кто перетанцует пирата?» атты байқаулар өткізіліп, балаларға сыйлықтар беріліп, дипломдармен марапатталды.Кәсіподақ ұйымдастыруымен мерекелік үстел жайылды.


