«Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер»

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінде 29 мамыр 2018 жылы, сағат 11.00 «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Елтаңбамыз еңселі,
Ән ұранымыз айбынды,
Көк туымыз тұғырлы болсын!

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

      Дөңгелек үстелді ашып берген Ақтөбе медициналық колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Мұсақызы: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді деп соған ат салысуға шақырды. «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,-деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек деді.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

         «Абзал жандар» клубының жетекшісі Нұрлан Ізденұлы «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» тақырыбы бойынша баяндама жасап, слайд және бейнефильм көрсетті.
        Дөңгелек үстелге қатысқандар: Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің тәуелсіздігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі екені жөнінде жүрек жарды сөздерін айтты. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылатыны жайында қызу пікірлер білдірді.
       Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді,тілді, дінді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді яғни қазақ ұлттық құндылықтарын қастерлеу болып табылады деп қортындыладық.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой