«Үздік Лаборант - 2018» колледжішілік кәсіби байқауы
2018 жылдың 3-12 наурыз аралығында «Лабораториялық диагностика» мамандығы
бойынша бітіруші топтарда «Үздік Лаборант — 2018» колледжішілік кәсіби байқауы өтті.
Мақсаты: студенттердің ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін, логикалық
ойлау шеберліктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту және де кәсіби дайындығын жоғарылату барысында тәжірибелік іс-машықтар шеберліктерін арттыру, үздік түлекті анықтау.
Байқау шарттары үш кезеңнен тұрды:
1 кезең — тест тапсырмаларын орындау
2 кезең — «Менің мамандығым — жүректі нұрландырар сәулелі мамандық!» тақырыбында өзін — өзі таныстыру
3 кезең — тәжірибелік іс-дағды машықтарын бағалау
Студенттердің машықтығын бағалауға әділқазылық ретінде колледж әдіскері,
арнайы пән оқытушылары және Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары Ақтөбе темір жол ауруханасы АҚ клиникалық-диагностикалық лабораториясының мамандары қатысты.
Әділқазылардың қорытындысы бойынша «Үздік Лаборант — 2018» колледжішілік
кәсіби байқауының 1 орын жүлдесінің иегеріне Баешова Гаухар ұсынылды, 2 орын жүлдесін Биекенова Орынай иеленсе, 3 орын жүлдесін Жаймахова Камшат иеленді. Ермекқалиева Назерке мен Емутбаева Шынарай байқауда белсенділік танытқандары үшін грамоталармен марапатталды.

