«Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ»

2018ж. 16 наурызда кітапхананың мультимедиа залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ» атты ашық шара өтті.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Ақпараттық сағатты ашып сөз сөйлеген кітапхана меңгерушісі студенттерге құқықтық мағлұмат беру мақсатында «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемќорлыққа қарсы стратегиясы» туралы айтып өтті.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Колледждің заңгері И.Т.Нұрмағамбетов қолданыстағы заң туралы, әр адам жемқорлықпен қалай күресе алатыны жөнінде ақпарат айтып, студенттер сұрағына жауап берді. Шара барысында викториналық сұрақтар қойылып, жемқорлыққа қарсы мысалдар келтіріп, адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер айтылды. Шараға қатысушы «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі, колледж ұстазы Е.А.Сейтенов сыбайлас жемќорлыққа қарсы күресуді әр адам өзінен бастау керек екенін айтып, жолындағы кедергілерді ақыл-білімі арқылы жеңетініне тоқталып өтті.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой